Стилистер Барбидің фанатына айналған қызды “адам қалпына” түсіруге тырысты (фото)
Британиядағы Бристоль қаласының тұрғыны 20 жасар Джейн бала кезінен Barbie қуыршақтарын жинағанды ұнатады. Ақыры қуыршақтарға деген оның шексіз махаббаты, есейген соң да сол образды дәлме-дәл өзіне көшіруге алып келді.
Ол тіпті алқызыл түсті киім киіп, бөлмесінің де дизайнын түбегейлі өзгерткен деп жазады Daily Mail.
Оның бірнеше жыл ішінде өзгеріп кеткендігі соншалық, тіпті достары мен таныстары да тани алмай қалған. Ата-анасына да қызының таңдауы ұнамағанымен, олар бойжеткеннің талғамын өзгерте алмаған.
Британиялық жақында жергілікті телеарнада 5STAR шоуына қатысты. Джейн Барби образынан айырылмау үшін күн сайын арнайы автоматты күнге күйіп процедурасын қабылдайтынын айтқан. Образ үшін әр күні екі сағат уақытын бөледі екен.
“Барби – еш міні жоқ қуыршақ, мінсіз қыз. Мен де соған ұқсағым келеді. Егер маған кімде-кім қуыршақ сияқтысың десе, онда мен мұны қошемет сөз айтып жатыр деп қабылдаймын. Мен Барби секілді бола бастаған кезім де, мінезім де өзгерді. Мен өз-өзіме сенімді, ұялмайтын, белсенді адамға айналдым”, – дейді Джейн.
Стилистер Джейннің Барбиге деген терең махаббатына қарамастан, оны “адамға айналдыруды” жөн деп тапқан. Арнайы мамандар оның макияжы, шашы және образымен жұмыс жасаған.
Ал арнайы процесс аяқталған соң оның нәтижесі британиялық қызға ұнамаған.
“Мен өз-өзімді нашар сезінемін. Бұл мен емес. Бұл түріммен көшеге де, дүкенге де шыққым келмейді. Бұл өзгерісті менің жігітім қабылдай алмайды”, – деді Джейн.
Қызының бұл қылығына ата-анасы да реніш білдірген.