Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Степногорск тұрғындары жылуға артық ақша төлегені үшін қала әкімі жазаланды

Фото: gov.kz

Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әкімдік тарапынан бақылаудың әлсіздігіне байланысты қала тұрғындары жылу үшін 8,1 миллион теңге артық төлеген.

Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, 41 пәтерлі тұрғын үйде жылу энергиясы үшін төлем нақты есептегіш аспаптардың көрсеткіштері бойынша емес, белгіленген нормативтер негізінде есептелгені, соның салдарынан төлемдердің негізсіз ұлғайғаны анықталған.


"3 207 теңгеден 10 084 теңгеге дейін": Қазақстан қалаларында жылу құны қанша?


“Аталған деректер жылумен жабдықтаушы ұйымның “Жылу энергетикасы туралы” заңның талаптарын бұзылғанын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылауды тиісінше жүзеге асырмағанын көрсетеді”, – делінген хабарламада. 

Нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қала әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қаладағы 8 мыңнан астам тұрғынға жылу энергиясы үшін төлем қайта есептеліп, оның жалпы сомасы 8,1 млн теңгені құрады.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 1,6 миллиард теңге қайтарылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 21:10