Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған
Стпеногорскіде қоқыс арасынан ер адамның денесі табылды, полиция 25 жасар күдіктіні ұстады деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
26 ақпан күні Степногорскіде қоқыс арасынан ер адамның денесі табылған. Оқиға орнын тексеру барысында, ер адамның кім екенін дәлелдейтін құжаттар табылмады. Полицияға күдіктіні анықтауға мүмкіндік беретін саусақ іздері мен басқа да айғақтар жоқ болып шыққан. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полиция 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жасаған қылмысын мойындаған.
Сол күні ұсталған азамат пен жәбірленуші бірге ішімдік ішеді. Сол кезде араларында кикілжің туындап, қылмыскер ер адамға пышақ салған. Қылмысын жасыру үшін мәйітті қоқыс контейнеріне тыққан. “ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі басталды. Күдікті изоляторға қамалған”, — деп хабарлады Ақмола облысы ІІД.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да құлаған тікұшақ Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты
Шымкенттіктер көшеде тастап кеткен нәрестеге көмек жинап жатыр
Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне қаржы жұмсауды заңмен шектемек