Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да құлаған тікұшақ Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

Шығыс Қазақстанда құлаған тікұшақ Гапура Тұрлыхановаға тиесілі болған.

 

турлыханов

Бұл туралы ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабаралйды.

Берілген мәліметтерге сүйенсек, “Стрекоза 7-Gazelle SA341” тікұшағы 2009 жылы шығарылған, былтыр 22 желтоқсанда тіркеліпті. Тікұшақтың иесі – Тұрлыханова Гапура Мұхатбекқызы. Ашық дереккөздерден алынған деректер бойынша, ол Қайрат Болатұлы Тұрлыхановтың әйелі. Қайрат Тұрлыханов Семей қаласының әкімі, ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі және тағы басқа жоғары лауазымды қызметтерді атқарған.  Гапура Тұрлыханова 2000 жылдары танымал болған әнші Рахат Тұрлыхановтың анасы.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Шымкенттік ақсақал: Күйеуінің халін ойлаған әйелдер оған тоқал әперуі керек

Ақтөбе облысында кенже ұлы мен келінінен қорлық көрген анасы әкімнен араша сұрады

Талқылау