Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен тікұшақтың апатқа ұшырағаны анықталды

Шығыс Қазақстанда Үржар ауданындағы Қожа ауылынан шығып, ұшты-күйлі жоғалған С-341 жеке тікұшақтың табылды.

ecf1803bb7f86ba53198990d7aa36775_L

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Апат болған жерді бүгін Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағы тапты. Ми-2 Айғыз ауылының маңын айналып ұшып жүрген болатын. “Қазаэронавигацияның” алдын ала ақпаратына сәйкес, тікұшақ ұшқышы қаза тапқан. Бір жолаушы аман қалған, оны Айғыз ауылына жеткізуде. Нақтыланған деректерге сәйкес, құлаған тікұшақтың бортында екі адам болған: пилот пен бір жолаушы. Құтқарушылар жер бетімен апат орнына бара жатыр. Көлік қозғалысына ауа райы қолайсыздығы мен жолдың болмауы кедергі келтіруде.

Еске сала кетсек, сенбі күні кешке жеке адамға тиесілі С-341 тікұшағының ұшқышы байланысқа шықпай қалды. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамынан және аудандық ІІБ 29 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Жерігілікті атқару органынан 10 адам және 5 техника шықты. ШҚО ТЖД-ның дағдарыс орталығында оперативті штаб құрылды.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау