Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стенд атудан қазақстандық спортшылар Азия кубогінде үздіктер қатарынан көрінді

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Стенд атудан Алматы облысында өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты. Траптан жасөспірім ұлдар арасындағы турнирде қазақстандық Никита Моисеев топ жарды. Бұл сында күмісті Кувейт, қоланы Өзбекстан спортшысы иеленді. 

Трап жаттығуы бойынша ерлер арасындағы финалда алтын медаль кувейттік Насер Мекладтың еншісінде кетті. Ол әлем және Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті. Күміс және қола жүлдені тиісінше қазақстандықтар Әлішер Айсалбаев пен Марк Почивалов жеңіп алды. 

Траптан әйелдер арасындағы финалдық сында қазақстандық Айжан Досмағамбетова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай және Бахрейн спортшыларымен бірге үздік үштікке енді. 

Талқылау