Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми жұмыс істей бастады

старлинкФото: Keystone Press Agency

Цифрлық даму министрлігі Илон Маскке тиесілі Starlink компаниясы 13 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, бұл ел тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптың орындалуын қамтиды.

"Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді", – делінген ведомство хабарламасында.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 10:03
Талқылау
`