Ғалымжан Кенжебек:“Станислав Черчесовтың хабарласқаны маған үлкен сенім ұялатты”
Фото:Stan.kz
Қазақстандық жұлдызды шабуылы Ғалымжан Кенжебек жақындп РПЛ-дің “Ахмат” клубына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aladop.kz сайтына сілеме жасап хабарлайды.
Ғалымжан Кенжебек өзінің таңдау ең дұрыс шешім болғанын айтуда. Бұлай деуіне басты себеп Қазақстан құрамасының экс бас бапкері Станислав Черчесовтың өзіне хабарласуы болған. Айта кетейік, “Ахмат” командасын қазіргі таңда Станислав Черчесов жаттықтырады.
“Станислав Саламовичтің өзі қызығушылық танытып, хабарласқаны маған үлкен сенім ұялатты. Соңғы шешімімді ‘Ахматтың’ пайдасына қабылдадым, бұл бәрінің дұрыс бағытта болғанының белгісі,” – дейді Кенжебек.
Жаңа командаға бейімделу оған аса қиындық туғызбай отыр. Себебі мұнда оның ұлттық құрамадан әріптесі Максим Самородов өнер көрсетеді.
“Максиммен үнемі байланыста болдым, қазір де бірге жүрміз. Оның болуы маған жаңа ортаға үйренуге үлкен көмек болып жатыр,” – деді ол.
Ғалымжан алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысып, еш қиындық болмағанын да атап өтті.
“Команда сапалы ойыншылардан құралған. Осындай деңгейдегі шеберлермен бірге өсіп, дамитыныма сенімдімін. Тек өзім үшін ғана емес, Грозный қаласы мен клуб үшін де пайдалы ойыншы болғым келеді,” – деді футболшы.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасындағы “Ахмат” клубына ауысып, жанкүйерлердің кейбірі наразылығын білдірген. Көп адамдар талантты футболшының Еуропада ойнайды деп күткенін жасырмаған.
"Біз сені Еуропада ойнайды деп күтіп жүрсек”: Ғалымжан Кенжебек ресми түрде “Ахмат” ойыншысы атанды
Қазіргі таңда “Ахмат” Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін 16 клубтың ішінде 8-орында тұр. Чемпионат ойындары наурыз айының басында қайта жалғасады.
Ғалымжан Кенжебек Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізді, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты