Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған
Фото: Sozcu.com
Стамбул халықаралық әуежайында Өзбекстаннан барған үш әйелдің жыныс мүшелерінен алты келіден астам алтын табылған. Зергерлік бұйымдар мұқият жасырылып, 120 фрагментке бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sozcu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 25 сәуірде болған. Тергеу мәліметтері бойынша, қауіпсіздік қызметкерлерінің назары Шымкент қаласынан (Қазақстан) ұшқан үш жолаушы әйелге түскен. Олар мұқият тексеру үшін тоқтатылып, жүкті тексеру кезінде ештеңе анықталмаған. Дегенмен, рентгендік сканерден өткен кезде жүйе дененің төменгі аймағында күдікті затты анықтаған. Күмән туған соң прокуратураның ұйғарымымен ұсталғандар қалалық ауруханаға жеткізілді.
Фото: Sozcu.com
Рентгенограмма жыныс аймағында бөгде денелердің барын көрсетті. Әйел полиция қызметкерлерінің бақылауымен үш күдікті де бөлек бөлмеге жеткізіліп, жасырылған алтын бұйымдары алынды. Әйелдердің жыныс мүшелерінен жалпы салмағы 6 келі 28 грамм, 120 түрлі салмақтағы алтын бұйымдар алынды. Барлық тәркіленген заттар Қылмыстың алдын алу және тергеу басқармасына тапсырылды.
Түркия билігі оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Барлық мән-жайлар, алтынды заңсыз әкелу әрекетінің ықтимал ұйымдастырушылары анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясының кесірінен 10 жасар бала Түркияда қалып қойғаны туралы жазған едік. Осы үшін Air Astana әуе компаниясы 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттелген.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
