Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің келесі Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты.
“Ардагерлерден қазір бізде Ильин бар. 1988 жылы туылған. 29 жастар. Қазір біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтіп отырмыз. 6 қазан күні Ильиннің ісіне байланысты отырыс өтті. Сондықтан шешімді асыға күтіп отырмыз. Оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Ильяның әлем чемпионатынды көріп қалатын шығармыз сонда. Тіпті ол Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Зульфия Чиншанлоға байланысты шешім де оң болатын болса, ол 2018 жылдың 25 мамырынан бастап өнер көрсете алады. Егер Азия ойындары туралы мәселені федерация шешетін болса, онда екеуі де Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына қатыса алады”, – дейді Ни.
Еске салайық, Ильин допинг сынамасынан оң нәтиже бергені үшін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Бірақ оны спорттан шеттету туралы шешім әлі шыққан жоқ.
Сонымен қатар осы допинг дауына байланысты Чиншанло 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінен айырылған еді. Оның жаза мерзімі 2018 жылдың 26 мамырында аяқталады.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) бас хатшысы Мохаммед Джалуд қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің жағдайына байланысты ойымен бөлісті.
“Мұңаюдың қажеті жоқ. Қазақстан әлі талай Илья Ильин секілді спортшылар шығады. Сіздерде әлі Илья Ильин секілді талай чемпион шығады. Қазақстан – мықты ел. Сіздерде әлі көп чемпион болады”, – дейді Джалуд.
“Саясатпен байланысты бір ғана проблемма бар. Ол – андиопингтік комитеттің ережесін сақтау саясаты. Сондықтан тек алға қарау керек. Бір бір жарысты немесе бір спортшыны құрбандыққа шала аламыз. Бірақ бүкіл бір спортты қиын жағдайға қалдырмау керекпіз. Ондай жағдайда біз Олимпиада ойындарына кіретін спорттың қатарынан шығып қаламыз. Сол үшін бұл мәселені қалай шешу керектігі туралы ойланғанымыз дұрыс болар”, – дейді ол.
Еске салайық, Ильин допинг сынамасынан оң нәтиже бергені үшін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Бірақ оны спорттан шеттету туралы шешім әлі шыққан жоқ.
Ал ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни болса Ильиннің келесі Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар деп есептейді.
Тағы да оқыңыз:
Анасы Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты
Роналду аяғы ауыр сүйіктісіне опасыздық жасады
Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз