Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатына қатысады
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ризабек Айтмұқан бастаған еркін күрес шеберлері Испанияның Понтеведре қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Аталған сынға қатысатын еркін күрестен Қазақстан командасының құрамы анықталды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың тізімін ұсынамыз:
57 келі. Мықтыбек Үкіметұлы
61 келі. Әбдінұр Нұрланбек
65 келі. Алайдар Шаттық
70 келі. Айқын Болатұлы
74 келі. Егор Анчугин
79 келі. Ерхан Бексұлтанов
86 келі. Навруз Ахмедханов
92 келі. Камиль Куруглиев
97 келі. Ризабек Айтмұхан
125 келі. Әлихан Құсайынов
Айта кетейік, Ризабек соңғы жарысын Венгрияда өткен рейтингілік турнирде өткізіп, қола жүлдегер атанған еді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді

