Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың қанша гонорар алатыны белгілі болды
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан алтын алғаны үшін қанша гонорарға ие болатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңнамаға сәйкес, қазақстандық Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден астам) алады.
Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.
Сондай-ақ 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды. Оны Тоқаев құттықтағаны айтылды.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді