Тоқаев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Тоқаев жеңімпазды алтын медаль жеңуімен құттықтады.
“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп жазды мемлекет басшысы Х парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"