Қазақстанда рубль бағамы 7 теңгеден асып кетті
Қазақстанда рубль бағамы рекордтық көрсеткішке жетті. 20 мамыр күнгі сауда нәтижесі бойынша 1 рубль 7 теңге 14 тиынға тең, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ресей валютасы алғаш рет 7 теңгеден асқан. Кей ақша айырбастау пункттеріндде рубль 7,40 теңгеге саудаланып жатыр.
Көрші ел валютасы наурыз айынан бастап қымбаттай бастады. Бұл кезде рубль бағамы 4 теңгеден төмен болған. Сарапшылардың пікірінше, рубльдің нығаюына мұнай бағасының өсуі мен Ресейде алдағы уақытта болатын салық аптасы әсер еткен. Сондай-ақ қазір шетел валютасына деген сұраныс төмендеп кеткен.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен