Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инфляцияны есептеудің жаңа әдісі енгізілді

Фото: depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтардан бастап елдегі инфляцияны есептеудің жаңартылған әдісін енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, енді инфляцияны есептеу кезінде кассалық аппараттар арқылы тіркелген фискалдық түбіртектер де есепке алынады.

“Фискалдық түбіртек деректерін пайдалану үшін арнайы кешенді әдістеме әзірленді. Ол ақпаратты тазалау мен өңдеуді, тауарларды автоматты түрде жіктеуді, деректерді топтауды және индексті есептеудің заманауи динамикалық тәсілін қамтиды. Әдістеме тексеруден өтіп, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан оң баға алды”, – делінген хабарламада. 

2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады

Жыл басы оңай болмайды – Тимур Сүлейменов қосылған құн салығының инфляцияға әсері туралы


Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, жаңа әдіс бағаларды бақылаудың ауқымын кеңейтіп, есептеулердің дәлдігін арттырады. Қазір талдауда 60 миллионнан астам түбіртек деректері қолданылып жатқан көрінеді. 

Сондай-ақ бюро қаңтар айындағы инфляция деректері 2 ақпанда жарияланатынын атап өтті. 

Дана Русланқызы
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 20:32