"Бөлшектеп жіберемін": Еркебұлан Тоқтар қазақ қыздарын қорлаған стримерлерге қатаң үндеу жасады

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдік стримерлерге қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстанға келген шетелдік стримерлер тікелей эфир барысында қазақ қыздарына қатысты қорлайтын пікірлер айтқан. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыға түсті.
Осыған байланысты Еркебұлан Тоқтар өзінің Instagram парақшасында үндеу жариялады.
"Жігіттер, мұндай жағдай менің елімде, менің жерімде тағы қайталанса, сендерді қол жүгімен аттандырамын. Бөлшектеп жіберемін. Сөз беремін", – деді ол.
Аталған оқиғадан кейін Алматы қаласында ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев (Ренатко) ұсталып, "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Дегенмен көпшілік қауым стримерлер қазақстандықтардан ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп санайды.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған