Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ауырып жүрмін” — Қазақстандық жас киберспортшы күтпеген мәлімдеме жасады

киберспортшыФото:Спортшының жеке парақшасынан

Қазақстандық жас киберспортшы Данил Голубенко күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Данил Голубенко қазіргі таңда IEM Kraków 2026 турнирінің топтық кезеңінде бақ сынауда. Оның командасы FURIA  күні кеше ғана украиналық NAVI-ді жеңді. Алайда осы ойыннан кейін Данил ауырып жүргенін, сол себепті жарыс қиынға соққанын айтуда.

"NAVI-ді жеңдік бұл біз үшін өте маңызды. Бірақ қазір әрбір матч ауыр күреспен өтіп жатыр. Барлығы бірден жүріп кеткен жоқ, ойдағыдай болмай жатқан сәттер де бар. Оның үстіне өзім ауырып жүрмін, температура түспей қойды. Мұндай жағдайда 100 пайыз ойнау қиын. Соған қарамастан, алға жылжып келеміз. Қателіктерді көріп отырмыз, олармен жұмыс істеп жатырмыз және тоқтамаймыз. Қолдау білдіріп жатқан баршаңызға рахмет бұл бізге үлкен күш береді", – деді Мolodoy өзінің телеграм арнасында.

Айтулы додада 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Польшаның Краков қаласында өткді. Жарысқа 24 команда қатысуда, ал жалпы жарыстың жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, 2025 жыл қазақстандық киберспорт үшін есте қаларлық әрі тарихи жыл болды. Осы жылдың басты қаһармандарының бірі – 20 жастағы қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко. Ол Семей қаласының тумасы жыл бойы халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, әлем назарын Қазақстанға аудартты.

Жылдың ең ірі жетістігі Қытайда өткен IEM Chengdu халықаралық турнирімен байланысты. Аталған додада Данил қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанып қана қоймай, 1 миллион доллар көлеміндегі жүлдені иеленді. Сонымен қатар ол турнир барысында көрсеткен жоғары шеберлігі үшін ең үздік ойыншы (MVP) атағына лайық деп танылды.

Данил қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де Данил чемпион атанып, MVP атағын жеңіп алған еді. Осылайша, ол бір жыл ішінде екі ірі халықаралық турнирде қатарынан MVP атанған санаулы киберспортшылардың қатарына қосылды. Мұндай жетістік киберспорт әлемінде өте сирек кездесетін жағдай.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 16:55