32 жыл күткен тарихи жүлде: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы

Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды.
Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл оның жеке рекорды.
Осылайша 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсіп отыр.
Ол жарыс жолында басты қарсыластары АҚШ елінің өкілі Илья Малиниді, жапондық Юма Кагияманы шаң қаптырды.
Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнменен өз өнерін күллі әлемге паш етті.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді