Спорт министрлігі 300 мыңға жуық қазақстандық спортшының деректері тарағанын растады

Фото: Pixabay.com
Билік 286 000 қазақстандық азаматтың деректері тарап кеткенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға қатысты жеке деректердің ірі көлемде тарап кетуін растады.
"Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат ресми түрде беріледі", – деді туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков.
Алайда туризм министрлігі де, цифрлық даму министрлігі де хакерлік шабуылдың салдары, одан кейін қандай шаралар қабылданғанын айтпады.
Еске салсақ, желіде қазақстандық спортшылардың жеке деректері тарап кеткені айтылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"