Спорт министрі Шайдоровтың жалақысын не себепті жария қылғанын түсіндірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровтың жалақысы мен оның дайындыққа кеткен шығындары туралы бұрын ведомство жариялаған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифингте министр бюджет қаражаттары жабық ақпарат емес екенін, барлық мәліметтердің азаматтарға қолжетімді екенін атап өтті.
“Бізде бюджет жасырын емес. Барлық ақпарат ашық және қолжетімді”, – деді министр.
- Қазақстан чемпионға 250 мың доллар төлейді: Ал Олимпиадада көш бастаған Норвегия спортшыларға сыйақы бермейді
- “Оған онсыз да жеткілікті”: Спорт журналисі Шайдоровтың жүлдесіне берілетін қаражатты спортты дамытуға жұмсауды ұсынды
Сондай-ақ министр қысқы Олимпиада ойындарына барған делегацияның құрамын және сапарға бөлінген бюджет шығындары туралы сұраққа жауап берді.
“Делегация құрамы тиісті бұйрықпен бекітіледі. әр адамның халықаралық аренада спортшылармен жұмыс істеу кезінде нақты мақсаты болды. Артық адам болған жоқ”, – деді Ербол Мырзабосынов.
Еске салайық, бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Михаил Шайдоровты 2026 жылы Италияда өткен Олимпиада ойындарына дайындауға 2025 жылы 263 394 581 теңге бөлгенін мәлім еткен еді. Алайда Михаил Шайдоров жалақысы туралы ақпараттың жария болуын өзіне көрсетілген құрметсіздік деп қабылдады.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты