Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөздеріне қатты намыстандым": Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындаған кезін есіне алды

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова сахнаға шығуға көмектескісі келген қалталы азаматтардың болғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Оқиға танымал актер Досхан Жолжақсыновтың үйінде болған. Әнші Adal Adam Youtube-жобасына берген сұхбатында сол кезді есіне алды. 

“Академияда 3-4-курс оқып жүрген кезімде Досхан Жолжақсынов Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын басқарып тұрған. Ол кісілер менің гитарамен ән айтып жүргенімді ұнатып, көбіне отырыс, тойларына шақыратын. Бір күні Досхан ағаның шаңырағында той болды. Бардым, гитарамен әнімді айттым. Қайтатын кезде Досхан аға бір кісіге "қарындасымды жеткізіп тастаңызшы" деді, өйткені үйіміз бір бағытта еді. "Жарайды" деп сол кісінің көлігіне міндім, жолда келе жатқанда маған қырындай бастады. Енді мен студентпін, жап-жаспын мұндайды түсінбеймін. "Қарындасым, бір жерге барайық" деген сияқты әңгіме айта бастады”, – деді әнші. 



Айтуынша, көліктегі үлкен кісі демеуші болғысы келіп, онсыз сахнаға шыға алмайтынын ескерткен. 

“Ол кісі “енді өнерге қадам басқың келіп жүр екен, саған қолдау керек, мен саған демеуші боламын" деді. Оның сөзіне қатты намыстанып кеттім де, "рақмет. Алла бар ғой, сахнаға өз күшіммен, адал еңбегіммен шығамын" дедім. "Шыға алмайсың" дейді маған, "шыға аламын" дедім. Сөйтіп екеуміз сөзге керісіп қалдық. "Осыдан қарап тұрыңыз, сахнаға өз еңбегіммен шығамын, қолдаусыз" дедім. Сол бір сөз менің намысыма қатты тиді. Өнердің бәрі сатылмайды ғой. Ондайлар бар шығар, бірақ бәрін сондай деуге келмейді. Сырттан өсек те кетеді, әңгіме де кетеді. Бірақ бәріне ере берсек, өмірде жақсы адам қалмайды", – деді ол.

Еске салайық, Ақбота Керімбекова ұлына қысым көрсетіліп жатқанын айтқан еді. 

Талқылау