Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-қа қатысты шектеулердің барлығы қажет – Министр Аида Балаева  

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

аида балаева

Фото: gov.kz

Мәжіліс кулуарында журналистер Балаеваның франциялық әріптесімен кездесуі жайлы айтып, одан екі ел арасында сөз бостандығын салыстыруды сұраған. 

"Әр елде бәлкім әлдекімдер жақсы немесе жаман деп бағалайды. Бірақ, меніңше, біздің елде сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Сіз ойыңызды еркін жеткізесіз, петиция жариялай аласыз. Тіпті аккредиттеу мәселесіне қатысты келіспеушіліктер болса да, біз мұны құқықтық жолмен шештік, бұл өркениетті диалог барын көрсетеді. Заң мен тәртіп принципі сақталады, бұл мені қуантады. Сондықтан сөз бостандығымен бізде барлығы жақсы", – деді Балаева.

Бұған дейін журналистер сот арқылы аккредиттеудің жаңа ережелерін алып тастамақ болған. 20 тамызда қабылданған ережеге сәйкес журналистер материалын тек аккредиттелген басылымда ғана жариялауға құқылы. Осы орайда Балаева елде журналистердің құқығы аяққа тапталған жоқ дейді. 

“Әрине, шектеулер бар шығар, бірақ олар керек шектеулер. Себебі барлық жерде тәртіп болғаны абзал. Тіпті адамдар да өздерін игілік үшін шектейді. Сондықтан егер біз құқығыңызды шектедік десеңіз, мұнымен келіспеймін”, – деді ол.

Еске салайық, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты пікір білдіріп, мұны астананы ауыстырумен салыстырған еді. 

Талқылау