Сотүстік Қазақстанда 6-сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі табылды
Фото: pixabay.com
Сотүстік Қазақстанда Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишим орта мектебінде 6-сынып оқушысынан туберкулез анықталды. Жеткіншек қауіпті дерттің ашық түрін жұқтырған. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар онлайн оқуға көшуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір білім ошағында мыңнан астам адамды дәрігерлер тексеріп жатыр. Білім басқармасының мәліметінше, 12 жастағы балаға диагноз үш күн бұрын қойылған. Оқушы қазір ауруханада тиісті ем-домын алып жатыр. Жадғайы қалыпты.
Осы оқиғадан кейін мектепте дезинфекциялық жұмыстар да жүргізілген. Әзірге өкпе ауруы өзге оқушылардан табылмаған. Ұл-қызының денсаулығына алаңдаған ата-аналар онлайн оқуға жіберуді сұрады. Бірақ жауаптылар алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
-
Маңғыстау облысында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың ата-анасы өтемақы талап етті
-
Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
“Бүгінгі күні сабақтар бір кабинет жүйесімен өтіп жатыр. Яғни, балалар бір кабинеттен екінші кабинетке ауыспай оқиды. Біз барлық алдын алу шараларын жүргіздік. Қашықтан оқуға негіз жоқ. Бала 29 сәуірден бастап мектепте жоқ. Мамыр айы бойы да мектепте болмаған”, – деді СҚО Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
