"Сыйақыға тыйым салынған заттарды кіргізген": Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды
Алматы облысында мекемеде тәртіп бұзғаны үшін колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

"Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұдан басқа, бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген бейсенбі күні тараған ақпаратта.
Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болған. Полиция осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізгенін айтады.
"Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытты. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырды. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған. Сондай-ақ бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ", - дейді ІІМ.
ҚазТАГ агенттігінің мәліметінше, полиция таратқан ақпаратта қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №57 мекемесі бастығының орынбасары Серікбол Бақтияров жайлы айтылған.
Агенттік бұған дейін Бахтияров тұтқындарға, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚК) өкілдеріне сыйақы үшін тыйым салынған заттарды кіргізуді, сондай-ақ заңсыз сапарларды ұйымдастырғаны туралы ақпарат тарағанын еске салады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік