Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот жеңгетайлықпен айналысқан LoveAikа-ның апелляциялық шағымын қарады

Алматы қалалық соты Қазақстандағы элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка Мырзахметоваға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram

“LoveAikа” жеңгетайлық және мефедрон сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған 

"Сотталғандар үкімге шағымданды. Апелляция қылмыстық істі зерттегеннен кейін сотталғандарға тағылған айып толық расталды деп есептеді. Осылайша, 2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедрон психотроптық затын сату мақсатынсыз заңсыз иемденіп, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Полиция қызметкерлері М.-ны ұстау кезінде мефедронды сотталушының сөмкесінен тауып алған", – деп хабарлады сот. 

Соттың мәліметінше, Айка Мырзахметова сыбайласы Т.-мен бірлесіп, қыздарды "интимдік қызмет көрсету үшін пайдакүнемдік мақсатта" 2020 жылдан 2023 жылға дейін ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.



"М. осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алып отырған. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен расталады. Апелляциялық шағым үкімді өзгеріссіз қалдырды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда полицейлер қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке” секс-кештер ұйымдастырды деген күдікпен 25 жастағы бойжеткенді ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқаны және Отандық атақты адамдар мен бизнесмендер мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде таратылатын "VIP сутенердің клиенттер тізімінде" болғаны анықталғаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, 6 маусымда Ішкі істер министрлігі Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың "жабық" әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы, полицейлердің мәліметінше, Алматыда сұлу қыздардың қатысуымен интимдік қызмет көрсетіп, тек ауқатты еркектерге қызмет көрсететін "жеке" секс кештері ұйымдастырылған".

Іс бойынша басты айыпталушы – 25 жастағы алматылық әйел, тергеушілердің айтуынша, "ақша үшін жыныстық қызмет көрсетуге дайын сұлу қыздарды таңдаған, сонымен қатар ауқатты клиенттерді іздеген". 

Тәртіп сақшылары атап өткендей, "сексуалдық бизнесті ұйымдастырушы өзінің Интернеттегі қызметін мұқият бүркеген" және "Instagram әлеуметтік желісінде өзін табысты модель және блогер ретінде көрсете отырып, 100 мыңнан астам аудиторияға ие болған". 

Сонымен бірге полицейлер тінту нәтижесінде күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалар жазылған күнделік тәркіленгенін хабарлады.

Айта кетейік, Элиталық эскорттар желісін ұйымдастырушы 2024 жылдың мамырында 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот отырысы жабық өткен еді.

Талқылау