Сот отырысында айыпталушының адвокаты Шерзат пен оның туыстарын соттауды сұрады
Фото: Видеодан скрин
Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта айыпталушы Дидар Қалихметтің адвокаты жәбірленуші тараптың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші Нұрымов, Бишембаева және Кадирова сотта толығымен қарама-қайшы жауап берді.
“Жәбірленушілердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары және сот тергеуінде берген жауаптары біртекті емес, әртекті. Сот отырысында тұлғалар жалған жауап берген жағдайда Қылмыстық кодекстің 420-бабында (Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма) көзделген жауапкершілікке тартылуға тиіс. Жәбірленуші Нұрымов, Бишембаева және Кадирова сот отырысында сот тергеуіне берген жауаптарына толығымен қарама-қайшы жауап берді. Тергеу барысында айыптау тарабы айтқандай біртекті жауап емес, жауаптары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды. Сотталушымен беттестіруде де сотталушыға барынша айып тағуға тырысады. Сол себепті жәбірленушілерді Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс. Осыған қатысты соттан тиісті қаулы шығарып, құзырлы органға жолдауды сұраймын”, – деді адвокат.
Сот тергеуі кезінде анықталып, жәбірленушінің заңды өкілі Мейірман Шекеев суық қаруды өзінің қорғауындағы азамат алып шыққанын айтты. Видеодан Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен пышақты бірінші алып шыққанын ескеріп, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаев пен Қаржаубай Нұрымовты Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-бөлігінде (Бұзақылық) көрсетілген қылмыстық құрамының болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облыстық прокуратурасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдауды сұраймын”, – дейді адвокат.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза сұраған еді.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
