Сот Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенованың адвокатын лицензиясынан айырды

Фото: Мұрат Адам
Алматыдағы сот 16 қаңтарда адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бостандық аудандық сотында әділет министрлігінің адвокат Адамға қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.
Арызданушы тарап пікірінше, адвокат Қазақстан Республикасы заңдарын, заң көмегі қағидаттарын және адвокаттардың кәсіби этика кодексін кәсіби міндеттерін орындау кезінде өрескел немесе бірнеше рет бұзған.
“Сот адвокаттың әлеуметтік желілерде өз құқықтарының бұзылғаны және тергеуші мен соттың заңсыз әрекеттері туралы жалған ақпарат жариялап, қоғамды адастырғанын анықтады. Тергеу органдарының жұмысының заңдылығын растайтын сот шешімдеріне қарамастан, адвокат пен оның клиенттерінің құқықтары бұзылғаны туралы жалған ақпарат таратылды. Азаптау және сот жүйесінің беделін түсіру туралы жария мәлімдемелер адвокат мәртебесін теріс пайдалану болып есептеледі. Және бұл тергеу органдарына қысым жасау үшін пайдаланылды”, – делінген хабарламада.
Сот билігі мен заңгерлік мамандықтың беделіне нұқсан келтіретін жүйелі және жария әрекеттер соттың адвокат лицензиясын қайтарып алу туралы өтінішіне негіз болды. Іс материалдары мен тараптардың дәлелдерін қарап шыққаннан кейін, сот талап-арызды қанағаттандырды.
Ал адвокат сотта да министрліктің таққан айыбын жоққа шығарып, сотта дәлел ұсынғанын айтады.
Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды
"Шағымда айтылған әрбір сөзді жоққа шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл қолымызден келді деп ойлаймын. Әділет министрлігінің шағымында айтылған әрбір айыпты дәлелдермен жоққа шығарылды. Сот неше мұндай шешім шығарғанын түсінбей тұрмын. Сот шешімін әлі алған жоқпыз. Танысқан соң құқығымызды пайдаланып, апелляциялық шағым түсіреміз" – деді Адам.
Бұған дейін әділет министрлігі Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенованың мүддесін қорғап жүрген адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыруды сұрап сотқа жүгінген. Министрлік тұжырымы бойынша, адвокат сотқа дейінгі тергеу барысы туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Адам бұл айыптарды терістеген.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты