Сот ер адамды бұрынғы әйелінің артық салмағына тіл тигізгені үшін өтемақы төлеуге міндеттеді
Фото: freepik.com
Түркияда ер адам бұрынғы жұбайына қорлайтын сөздер айтқаны үшін өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ушак қаласындағы әйел бұрынғы күйеуінен некедегі психологиялық зорлық үшін ақша өндіруді сұрап, сотқа жүгінген. Ол дәлел ретінде күйеуімен болған хат алмасуларды ұсынды. Сол хаттарда ер адам әкесінің операциясына ақша сұрап, әйелі бермеген соң қорқытқан. Сондай-ақ, ол жұбайының атын телефонына "Томбик" деп сақтаған. Бұл сөз түрік тілінен "семіз" немесе "толық" деп аударылады.
Әйел мұндай ат қойып, мазақ ету оның өзіне деген сенімін төмендетіп, ар-намысын таптап, некені бұзғанын дәлелдей алды. Күйеуі керісінше, әйелін опасыздық жасады деп айыптады. Бірақ ешқандай дәлел келтіре алмады.
-
Әйел 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шығып, жолдасын танысу сайтынан тапқан
-
Бүлдіршін қатты жылады: Жас ата-ана стример байқауын жеңу үшін бір жасар ұлына татуировка жасады
Сот әйелдің пайдасына шешім шығарып, ер адамды материалдық және моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Түркия заңдары бойынша адамның ар-намысын қорлау қылмыс болып саналады және ол үшін екі жылға дейін түрме жазасы не айыппұл көзделген.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді