Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот банкир Жомарт Ертаевтың әйелін тұтқындауға бұйрық берді

Алматы соты банкир Жомарт Ертаевтың жұбайын сырттай соттады. RBK банкінің бұрынғы тәуелсіз директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Атышулы банкирдің жұбайы Нұргүл Ертаева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Сот банкир Жомарт Ертаевтың әйелін тұтқындауға бұйрық берді

Сурет: Forbes.kz

15 маусымда Ертаеваға іздеу жарияланды. Нұргүл Ертаева RBK Bank АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде банктен 7 миллион АҚШ долларын ұрламақшы болған. Қорғаушы сотта Ертаеваның бұл ақшаны сіңілісіне бергенін айтып, оны қамауға алмауын сұрады.

Бірақ «Медеу» соты екі айдың ішінде алдын-алу шарасын таңдауға шешім қабылдады. Естеріңізде болса Нұргүл Ертаеваның жұбайы Жомарт Ертаев мамыр айында Мәскеуде ұсталған болатын. Тергеу нұсқалары бойынша, ол RBK Bank АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі бола отырып, ЖШС атынан қайтармау мақсатында 80 млн долларға несие алған. Қазіргі уақытта Ертаев Ресей астанасында үй қамауда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау