Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот баласын асырап алушы ата-анадан қайтып алмақ болған әйелге қатысты шешім шығарды

Қазақстандық отбасы бір жыл бұрын асырап алған балаларын өздерінде алып қалу үшін жанталасқан еді. Ал кезінде сәбиді керек етпей тастап кеткен туған анасы енді баланы қайтарып алғысы келетінін айтқан.

Безымянный

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Баланың туған анасы үш рет бас тарту туралы хат жазған. Екі жылдан соң баласын қайтып алғысы келетінін айтты. Бірақ, Гүлжанның айтуынша, баланы анасының өзі емес, әпкесі алғысы келетін көрінеді. Әпкесі оның бала туып, тастап кеткенінен бейхабар болған.

Баланың туған анасының тағы бір қызы бар. Ол бірнеше жылдан бері интернатта тұрады.

Енді жоғарғы сот ақырғы шешімін шығарып, асырап алушы ата-ананың баланы туған анасына беруі тиіс екенін атады.

Сот шешімі  қазір екі жасар Жеңіске ғана емес, ата-анасына да ауыр соққы болып тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Діни басқарма құрсақ ана болудың шариғи үкімін айтты

Маңғыстауда үшемнің өмірге келуі дәрігерлер үшін күтпеген жағдай болды

Алматы облысында үшемдердің ата-анасы сәби өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Талқылау