Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады
Астанада Қуандық Бишімбаевтан жауап алу жалғасып жатыр. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі бүгін сотта өзіне жемқорлыққа қарсы Бюроның қысым көрсеткенін айтты. Тіпті қылмысты мойындатпақ болған тергеушілердің атын атап түсін түстеді, деп хабарлайды КТК.
Бүгінгі процесте Қуандық Бишімбаев прокурорлар мен басқа да күдіктілердің адвокаттарының сұрақтарына жауап беріп,тергеу кезіндегі заңсыздықтарды жіпке тізіп берді.
Мәселен экс-министр қамауға алынған алғашқы айда өзіне Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның басшыларының бірінен қысым көрсеткенін айтты. Айтуынша, ұсталған бойда оны жеке кабинетке апарып, қорқытып, кінәсін мойындатпақ болған.
“Мені Олеся Кексельмен кездесуге қорғаушыларымсыз шақырды. Кездесу қорғаушыларымның қатысуымен өтті. Олар мұны дәлелдей алады. Дамир Бахытов “Олеся Кексель сізбен жеке сөйлескісі келеді” деді. Осындай кездесулерде “Кінәңізді мойындамасаңыз, көп жылға сотталасыз. Мойындаңыз” деген әңгімелер айтылды”, – деді Бишімбаев.
Өзін айыптап отырған бұрынғы бағыныштыларын да осындай әдіспен мәжбүрлеуі мүмкін деген пайымын да жасырмады. Алайда, Жақсыбаев пен Жақыпов бастаған топ «қысым көрсетілмеді» деп отыр.
Бұдан соң, тергеушілерді Бишімбаев алған парасына салды деген коттедж көбірек қызықтырды. Яғни, ондағы саунаға экс-министрдің кімдермен барғаны және үйдің қалай қалай салынғаны сұралды. Бірақ, бұған Бишімбаев жөнді жауап берген жоқ. Тіпті, екі қабатты зәулім сарайға қатысы жоғын айтып, онда тек моншаға түсуге барғанын айтып ашуланып кетті. Кейін өзінің заңсыз қамауға алығанын алға тартты.
“Анарбай, Сапарымбетов, Айымбетовтардың жауап беруіне байланысты менен жауап алып жатыр. Мен оларды ешқашан көрмегем”, – деді айыпталушы.
Бұдан соң, тергеушілерді Бишімбаев алған парасына салды деген коттедж көбірек қызықтырды. Яғни, ондағы саунаға экс-министрдің кімдермен барғаны және үйдің қалай қалай салынғаны сұралды. Бірақ, бұған Бишімбаев жөнді жауап берген жоқ. Тіпті, екі қабатты зәулім сарайға қатысы жоғын айтып, онда тек моншаға түсуге барғанын айтып ашуланып кетті. Кейін өзінің заңсыз қамауға алығанын алға тартты.
Басты айыпталушының тәртібі нашар екен. Мәселен, алғашқы қамауға алынған сәтінде тергеу изоляторында темекі шеккен. Бұл жайында түрме қызметкерлері шағым жазған. Тіпті Бишімбаев басқа күдіктілермен бір көлікке отырудан бас тартыпты. Бірақ ол мұнысын машинаға екі есе адамның көп тиелгенімен түсіндірді.
Тағы да оқыңыз:
Қуандық Бишімбаев елбасы мен халықтан кешірім сұрады
Президент алты минуттық мәлімдемесінде не айтты?
Ауғанстаннан келген студент Назарбаевтан көмек сұрады (видеоүндеу)