“Сопылар ісі” бойынша сотталған профессор Саят Ыбырай мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды
12 жылға сотталған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 11 сәуір күні Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Бұл туралы адвокаты Абзал Құспан хабарлады.
«Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Семей қалалық сотының шешімі бұзылды. Саят Ыбырай бүгін үлгерсе шығады. Үлгермесе ертең шығуы керек», – деген Абзал Құспанов тілшіге.
Адвокаттың айтуынша, сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін елдегі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Саят Ыбырайды босату жөнінде Қазақстан президентіне бірнеше мәрте хат жазған. Саят Ыбырай 2011 жылы «қылмыстық топ құрды» деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болған. 2013 жылы қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы Саят Ыбырайды елдегі «ар-ұждан тұтқындары» қатарына кіргізген.
Тағы оқыңыз:
Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті
Нығматулин: Ақышев, нақты жауап бер дегенді түсінесіз бе, бізге лекция оқымаңыз