Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңғы кездесу екенін білмедім": Айгүл Иманбаева бір жыл бұрын дүниеден өткен әкесіне арнап жазба жариялады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: жеке парақшадан алынды

Өнер иесінің ата-анасы бала күнінде ажырасып кеткенін жасырмаған еді. 

“Осыдан тура 1 жыл бұрын, 7 тамызда әкем өмірден өтті. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жолдас болсын, әке. Мына видео екеуміздің соңғы кездесуіміз екенін сол кезде білмедім", – деп жазды әнші. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы әкесін ақтық сапарға шығарып сала алмағанына өкінетінін жеткізген еді. 

“Мен әкеммен табыспай тұрғанда қатты ұрсысып, балалық ренішпен "Өлсеңіз, топырақ салуға келмеймін" дегенмін. Сол сөзімді Құдай қабыл етті ме, мен шынымен әкемнің жерлеуіне жете алмай қалдым. Себебі шетелде жүргесін, Англияның мәдениетімен танысу үшін Шенген визасына құжат тапсырып қойғанмын. Құжаттарым Францияда. Дәл сол сәтте туысқандарым жан-жақтан хабарласып, әкемнің қайтыс болғаны туралы суық хабарды жеткізіп жатты. Әкемнің екінші әйелінен туған қызы – сіңлім Райхан да хабарласты. Келейін десем, құжатым жоқ, амалсыз жете алмадым. Қалай құжатым қолыма тиді бірден ұштым. Әкемнің жеті күндігіне ғана үлгердім", – деген еді өнер өкілі. 

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева бала күнінде айкезбе болғанын мойындағанын жазған едік. 

Талқылау