"Сөмкесін мойныма қойып, басымнан ұстады": Павлодар автобусындағы жанжал желіде қызу талқыланып жатыр
Фото: Видеодан скрин
Павлодардағы қоғамдық көлікте болған оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарады. 44-маршруттағы автобуста болған жолаушының айтуынша, жігіт орын бермегені үшін келеңсіз жағдайға тап болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға видеосын жергілікті Instagram пабликтерінің бірі жариялады.
"Бүгін 44-автобуста келе жаттым. Тыныш отырдым, ешкімге тиіскен жоқпын. Тәрбиелі адаммын, адамдарға құрметпен қарауға тырысамын, олар да маған солай қарайды деп ойлаймын. Кенеттен бір әйел сөмкесін мойныма қойды", – дейді жас жігіт.
Осы сәттен бастап ол болып жатқан жағдайды видеоға түсіре бастаған. Жолаушының айтуынша, ол мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынған, алайда әйел кісі дөрекі жауап қайтарған.
"Басында байқаусызда болды деп ойлап, ескерту жасадым. Ол маған “Дәл солай істеу керек саған! Себебі сен маған орын бермедің” деді", – деп мәлімдеді жігіт.
Видео кадрларынан шынымен де әйел сөмкесін жігіттің мойнына қойғанын көруге болады.
"Қараңыздаршы, жастар қалай орын береді бізге. Міне, мен – үлкен адаммын, мына жас жігіт отыр", – дейді видеодағы әйел және кейіннен жігіттің телефонын тартып алмақ болады.
Одан соң әйел жігіттің басынан ұстауға әрекеттенеді.
"Жас жағынан ұлымдай. Бірақ орын берейін деп тұрған жоқ", – дейді әйел.
"Адамша сұрауға болар еді ғой", – деп жауап берді жігіт.
"Адамдарға мұқият қарау керек", – деді әйел.
Әлеуметтік желіде пікірлер екіге бөлінді. Бірі жастардың орын беруі тәрбиенің белгісі десе, екіншісі үлкен адамның өзі агрессия көрсетіп отыр дейді.
"Екі аялдамадан кейін оятып жіберіңдер": Жолаушы автобуста төсек салып жатып алды
Еске салайық, бұған дейін Оралда 15 жастағы жасөспірім автобуста бойжеткеннің бөксесін ұстап азғындық жасағанын жаздық. Оқиға 9 маусым күні №22 автобуста болған. Сол күні 18 жастағы Алина жағымсыз жағдайға тап болды. Автобустан түсіп жатқан кезде бейтаныс біреу оны бөксесінен ұстап алған. Қыз жігітті тоқтатуға тырысқанымен, ол жұлқынып шығып, қашып кеткен. Алина кейін полицияға арыз жазған.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
