Әнші Акмальдің концерті болмай қалды: Қазақстандықтар 6 миллион теңгесін қайтаруды талап етіп жатыр
Фото: Іnstagram.com/akmalsvami
Солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ресейлік жас әнші Ақмалдың өтпеген концертіне билет алған сатып тұрғындардың ақшасын қайтару бойынша шараларды қолға алды. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Концерт биыл 25 қазан күні Қостанайда өтуі тиіс еді, бірақ болмады. 18 қарашадан бастап eventticket.kz электрондық сервисі арқылы Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне билет алған тұрғындардан жүзден астам өтініш түскен.
Әрбір өтініш электронды түрде қызмет көрсету туралы төлем шартын растайды. Концерт өтпеген, бірақ ұйымдастырушы да тұрғындарға қаражатты қайтармаған. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының орындалуын тексеруге негіз болды.
Өтініштерді қарау нәтижесінде ведомство заң бұзушылықтарды анықтап, концерттің ұйымдастырушысы, яғни жеке кәсіпкерге көрермендерге билеттің толық құнын өтеу туралы ресми хабарлама жолдады. Ұйымдастырушының тұрғындар алдындағы қарызы 6 миллион теңгеден асады.
“Талаптар орындалмаған жағдайда ведомство “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңның 5-бабының 8-тармағына сәйкес сотқа жүгінемін”, – деді солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.
Департамент жағдайды бақылауды жалғастырып, азаматтарды осындай жағдайлар туындағанда өз құқықтарын қорғау үшін уақтылы арыздануға шақырады.
Бұған дейін ұйымдастырушылар ресейлік орындаушы Акмальдің Қазақстандағы жоспарланған концерттерін тоқтатқанын айтқан еді. Ресми хабарламаға сәйкес, шешімнің орындаушы мен ұйымдастырушыларға қатысы жоқ.
Еске салайық, Петропавлдағы концертінде көк-сары түсті ұнатпайтынын айтқан ресейлік әнші Акмальдің басы дауға қалған еді. Ол көремен тарту еткен шарапты алып, қағаз пакетті өзіне қайтарып берген еді.
“Мына пакетті жағып жіберіңіз. Маған түстері ұнамайды”, – деді сахнада тұрған әртіс.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады