Солтүстік Кореяда су тасқынының алдын алмаған шенеуніктер жаппай өлім жазасына кесілді – БАҚ
Солтүстік Кореяда соңғы айда ондаған шенеунік өлім жазасына кесілген. Бұған билік өкілдерінің елдің едуәір бөлігіне зиян келтірген су тасқынының салдарымен күресе алмауы себеп болыпты. Алайда Солтүстік Корея мұны жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TV Chosun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Agencia Central de Noticias de Corea / Servicio de Noticias de Corea / AP
"Солтүстік Корея билігі өткен айдың соңында 20-дан 30-ға дейін адамды өлім жазасына кескен көрінеді... Олардың арасында провинция губернаторына тең келетін тұлға бар", – деп жазады басылым.
Атап айтқанда, шенеуніктердің су тасқынынан зардап шеккен Джаган провинциясындағы Корея жұмысшы партиясының бұрынғы хатшысы Канг Бонг Хунмен байланысы бар деген болжам бар. Бұған дейін ол Әскери өнеркәсіп министрінің орынбасары қызметін де атқарған.
“Ёнхап” агенттігінің хабарлауынша, шілде айының соңында өткен партияның саяси бюросының кезектен тыс отырысында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын су тасқынының салдарына жауапты және қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандарды қатаң жазалайтынын мәлім етті.
Ким Чен Ын Пхенган провинциясындағы жағдайды өзі тексерді. Синуйдзю және Уиджу аймақтарында су тасқыны болып, төрт мыңнан астам үй зардап шекті. Солардың біріне қонаққа барған ел басшысы ағашқа соғылды.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдары көрші елдің солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны 1,5 мыңға дейін адамның өмірін қиған. Ким Чен Ын, өз кезегінде, мұндай мәлімдемелерді жала деп атады. Ол Оңтүстік Кореяны КХДР-ды жамандауға ниетті деп айыптады.
Еске салайық, бұған дейін Вьетнамдағы ең бай әйел алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілгенін жаздық. Хошимин соты 67 жастағы вьетнамдық іскер әйел Чыонг Ми Ланды 11 жыл бойы елдегі ең ірі банктердің бірін тонап келгені үшін өлім жазасына кесті. Van Thinh Phat компаниясының басшысы Чыонг Ми Лан – Вьетнамда қаржылық қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесілген санаулы әйелдердің бірі.