Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысқа жақында араласады – АҚШ
Ресейдің Курск аймағында орналасқан Солтүстік Корея әскерлері жақын арада Украина қарулы күштерімен шайқасқа түседі. Мұндай болжамды АҚШ тарапы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Голос Америки сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Reuters
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдан Солтүстік Кореяны тежеу үшін өз ықпалын пайдалануға шақырды.
Оның айтуынша, Ресей Солтүстік Корея сарбаздарын артиллерияға, ұшқышсыз ұшу аппараттарына және жердегі операциялардағы негізгі тактикаға үйретіп жатыр.
Американың жоғары лауазымды дипломаты Ресейде Солтүстік Кореяның 10 мың әскері бар екенін, оның 8 мыңы қазірдің өзінде Курск облысында екенін атап өтті.
Блинкен Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында егер Солтүстік Корея ұрыс аймағына кірсе, онда заңды әскери нысанаға айналады деп санайды.
"Біз бұл әскерлердің украиналық күштерге қарсы соғысып жатқанын әлі көрген жоқпыз. Бірақ бұл алдағы күндері болады деген болжам бар", – деді ол.
Кездесу барысында АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлері мен сыртқы істер министрлері болды. АҚШ-тың Украинаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа көмек пакетін жақын күндері жариялайтынын айтты.
АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны тоқтату үшін Қытай араласуы маңызды деген шешімге келді.
Вашингтон Ресей Украинаға соғыс ашуына аз уақыт бұрын Қытай Ресейдің қорғаныс өнеркәсібін нығайту үшін Кремльді қос мақсаттағы тауарлармен қолдап отыр дейді. Қытай АҚШ-тың бұл мәлімдемесін жалған айыптау деп атады.
Еске салсақ, бұған дейін НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлері бар екенін ресми түрде растап, олар соғысу үшін әкелінгенін айтады.