Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея мектептерінде енді орыс тілі міндетті тіл ретінде оқытылады

Фото: gettyimages.com

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті тіл ретінде оқытылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы үкіметаралық комиссияның төрағасы, Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов мәлімдеді.

“Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті тіл ретінде енгізілді. Ал Ресейде қазір 3 мыңнан астам мектеп оқушысы корей тілін оқып жатыр. Көпшілігі корей тілін екінші немесе үшінші шет тілі ретінде үйренуде”, – деді Александр Козлов.

Министрдің айтуынша, орыс тілі Солтүстік Кореяда ең танымал үш шет тілінің қатарына кіреді. Қазір Солтүстік Кореяда орыс тілін шамамен 600 адам оқып жатқан көрінеді.


Орыс тілі қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігі - Тоқаев


Сондай-ақ Козлов келесі жылы Ким Чхоль Чжу атындағы Педагогикалық университет базасында Солтүстік Кореяда орыс тілінде ашық білім беру орталығы өз жұмысын бастайтынын атап өтті.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 22:25
Талқылау