Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты түсініктеме берді
Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Кореяның достық қауымдастығының басшысы, дипломат Алехандро Као де Бенос мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, КХДР басшысының өлгені туралы суық хабар жалған әрі құйтырқы екен.
25 сәуір күні қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде Гонконгтың HKSTV арнасының вице-директоры Солтүстік Кореяның басшысы қайтыс болды деген хабар таратыпты. Мұны жазған адам өзінің ақпарат көзін сенімді деп айтыпты.
Кейіннен КХДР басшысы Вонсан қаласындағы шипажайда жатқаны анықталыпты. Ол жерде Ким Чен Ынға тиесілі медициналық мекеме бар көрінеді. Ол жақта арнайы пойыздың болуы кореялық басшының расымен де сол жақта екенін аңғартады.
КХДР басшысы қайтыс болды деген ақпарат оның кейін кезде көрінбей кеткеніне байланысты шыққан. Осыған байланысты Ким Чен Ын өзінің мұрагерін дайындап жатыр деген хабар да таралыпты.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ