Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея хакерлері ядролық бағдарламасын қаржыландыру үшін 3 миллиард доллар ұрлаған

Солтүстік Кореяның хакерлері жеті жыл ішінде үш миллиард долларлық криптовалюта ұрлаған. Microsoft-тың осы жылы жүргізген киберқауіпсіздік есебіне сүйенсек, қомақты қаржы елдің ядролық бағдарламасын қаржыландыруға жұмсалған болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

Microsoft мәліметінше, бұл қаражат Пхеньянның ядролық қаруды жасауға жұмсаған шығындарының жартысынан көбін өтеген. Оның үстіне тек 2023 жылдың өзінде 600 миллионнан бір миллиард долларға дейінгі қаржы ұрланған. 



Microsoft есебіне сүйенсек, өткен жылдан бері Солтүстік Кореядан бірнеше жаңа хакерлер тобы анықталған.  Хакерлер санының өсуі Солтүстік Кореяның көрші елдерді бопсалауға анық кіріскенін білдіруі мүмкін. Себебі Ресей, Қытай және Иран топтары да хакерлік шабуылға белсене араласып отыр.

4 қазанда Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын егер Оңтүстік Корея немесе Америка Құрама Штаттары оның егемендігін бұзуға әрекеттенсе, ядролық қаруды "ойланбастан" қолданатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны жау деп жариялап, көлік қатынасын үзгені туралы жазған едік. 

Талқылау