Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Солтүстік Корея алғаш рет Ресейге әскер жібергенін растады

Фото: Gettyimages.ru / narvikk

28 сәуір күні Солтүстік Корея екіжақты өзара қорғаныс туралы келісім аясында алғаш рет ресми түрде Ресейге Украинаға қарсы соғыс үшін әскер жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяның орталық телеграфтық агенттігінің мәліметінше, әскер жіберу Пхеньян мен Мәскеу арасындағы өзара қорғаныс туралы келісімге сәйкес КХДР басшысы Ким Чен Ынның "бұйрығы бойынша" жүзеге асырылды.

“Бұл Солтүстік Корея әскерінің Ресейде жіберілгені туралы алғашқы ресми ақпарат. Бұған дейін бірнеше ай бұрын Корей Халық Демократиялық Республикасының мыңдаған әскері Курск облысына жіберілген еді. Сондай-ақ ұлттық қарулы күштердің бөлімшелері Солтүстік Корея басшысының "бұйрығы бойынша" операцияға қатысты”, – деп жазды Кореяның орталық телеграфтық агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов Курск аймағындағы операцияға Солтүстік Корея әскерінің қатысқанын айтқан еді. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Корей Халық Демократиялық Республикасының әскерилері "ресейлік әскермен иық тіресе соғысып жатқанын және "қажырлылық пен қаһармандық танытқанын" айтты.


Зеленский: "Қытайдың бірнеше жүз азаматы Ресей әскерінің қатарында соғысып жүр"


Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары Пхеньянның майданға тағы мыңға жуық әскери қызметшіні жібергенін хабарлады. Батыс сарапшыларының мәліметінше, шамамен 11 мың солтүстіккореялық контингенттің үлкен шығындарына байланысты болған.

2024 жылғы 6 тамызда Украинамен шекаралас Курск аймағында Украина қарулы күштерінің күтпеген шабуылы басталды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 08:35
Талқылау