Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушілер мүгедектігі бар қызметкерлерден заңсыз салық жинаған
Фото: Ru.freepik.com
2023 жылдан 2024 жылға дейін жұмыс берушілер үш жүзден астам мүгедектігі бар қызметкерлерден 17 миллион теңгеге жуық табыс салығын заңсыз ұстап қалған. Алайда заң бойынша мүгедектігі бар адамдардан бұл салық түрі алынбайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша аудандары мен Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында жұмыс берушілер 366 мүмкіндігі шектеулі қызметкерден жалпы сомасы 16,9 миллион теңге көлемінде жеке табыс салығын ұстап отырған.
Сонымен қатар Есіл ауданында ерекше қажеттілігі бар балалардың 24 заңды өкілінен де 1,7 миллион теңге көлемінде салық заңсыз ұсталған.
Прокуратура тексерісінің нәтижесінде азаматтарға 6,2 миллион теңге қаражат қайтарылды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып жатыр. Қалған қаражатты қайтару үшін жұмыстары жалғасуда.
Талқылау

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
Уәлихан Умиров: "2 миллион теңгеден аса айлық аламын"

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
Адвокаттар бұл істе барлық кінәлі сотқа тартылмағанын айтты