Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел үй жұмысын орындамағаны үшін қызын пышақтап тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында анасы үй жұмысын орындамағаны үшін 11 жастағы қызына пышақ сұққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Динара Закиева өзінің Instagram-дағы парақшасында жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

“Анасы үй жұмысын орындамағаны үшін және дәптерін ұқыпты ұстамағаны үшін кәмелет жасқа толмаған қызының жамбас буынына пышақ сұққан. Қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазір жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бала дәрігерлердің бақылауында. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылады”, – деп жазды Закиева.

Тергеу барысында қылмыстың қалай болғаны анықталып жатыр. 

“Арнайы комиссия құрылды. Олар оқиға орнына барып, отбасының жағдайымен танысты. Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ олар ата-әжесімен тұрады. Бұл іс менің жеке бақылауымда”, – делінген жазбада.



Болған жағдайға байланысты оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті пікір білдірді.

“Қызға алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетіледі. Анасы басқа балаларды тәрбиелеуден шеттетіледі”, – деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Павлодарда студент мұғалімге пышақ сұққан еді.

Талқылау