Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында жетімдерге арналған тұрғын үйлерде бөгде адамдар тұрып келген

Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тұрғын үйлерге бөгде адамдар заңсыз қоныстанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратураның мәліметінше, Айыртау ауданының Балаларға қолдау көрсету орталығында алты бала тұрады. Олар Лобаново ауылындағы тұрғын үйде үлеске ие. Алайда уәкілетті органдар бұл мүлікке қатысты басқару және бақылау шараларын ұзақ уақыт қабылдамаған. Соның салдарынан 2024 жылдың тамыз айында бұл үйге бөгде адам заңсыз қоныстанған.

Мамлют ауданында да осыған ұқсас жағдай анықталған. Балаларға арналған екі коммуналдық пәтерде бөтен адамдар тұрған.

"Тағы бір жағдайда Ақжар ауданындағы Балаларға қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушісіне әкесі қайтыс болғаннан кейін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінің жарғылық капиталынан жер үлесі қалған. Құрылтай құжаттарына сәйкес, жетім баланың банк шотына жыл сайын әлеуметтік көмек (пайлық дивидендтер) түсіп тұруға тиіс болған. Алайда уәкілетті органның бақылау жасамауы салдарынан 2024 жылы бала шотына тиісті төлемдер түспеген", – деп хабарлады прокуратура.

Өңірлік прокуратураның араласуынан кейін үйлер бөгде адамдардан босатылып, әлеуметтік төлемдер баланың шотына аударылды. Балалардың құқықтары қалпына келтірілді.


Павлодар облысында мұғалім жетім балаға арналған пәтерде заңсыз тұрып келген


Америкалық отбасы асырап алған қарағандылық қыз 20 жылдан соң алғаш рет Қазақстанға келді


Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жетімге тиесілі пәтерде әкімнің орынбасары тұрғанын жазған едік. Роза Ақанова 2025 жылдың ақпан айында Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол ұзақ уақыт Павлодар облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Жаңа лауазымды ескере отырып, ол көшіп, баспана табу керек болды. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 14:42
Талқылау