Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллион теңгеге есту сапасыз есту аппаратын сатып алған қазақстандық зейнеткер ақшасын қайтарып алды

Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне зейнеткер әйел шағым білдірді. Ол басқармаға хабарласып, 986 мың теңгеге сатып алған сапасыз есту аппаратын қайтарып, ақшасын өндіріп алуға көмектесуді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарт әйел сатушыға бірнеше рет хабарласып, сатып алу-сату шартын бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда ол жауап бермеді. Іске облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті араласқан соң кәсіпкер зейнеткерге барлық соманы қайтарып қана қоймай, басқа да қаржылық шығынға ұшыраған.

“Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы заңнамада белгіленген мерзімде шағымға жазбаша жауап бермегені үшін сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді департамент басшысы Лазьм Мияшева.



Бұл үшін кәсіпкер 30 мың теңгеге жуық айыппұл төлеген. 

Ал Петропавлдағы гипермаркеттердің бірінде ер адамға акциямен 249 теңге тұратын “Ромашка” бөлкесі 360 теңгеге сатылған. Сатушы кінәсін мойындап, 531 есе көп, яғни 58 980 теңге көлемінде айыппұл төледі.

Биыл жылдың бес айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 178 өтініш түскен. Оның шамамен жартысы қанағаттандырылып, әр бесінші арыз басқа мемлекеттік органдарға жолданған. Қалғанын тұтынушылар өздері қайтарып алған. Өйткені мәселе шешімін тапқан. Қалған өтініштер бойынша мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар "керек затты бөліп төлеп аламын" деп тауарды ортақ құнынан қымбатқа сатып алып жүргені туралы жазған едік. 

 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 18:25
Талқылау