Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея басшысы Пхёнчхан олимпиадасындағы жанкүйер қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген (видео)

Қысқы олимпиада аяқталғаннан кейін қыздардан құрылған екі жүз отыз жанкүйер Пхеньянға қайтып келді. Баспасөзде бұл жағдайға байланысты теріс қауесет тарап кетті. КХДР-ның дефекторлары ол қыздарды отанында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жезөкшелері ретінде пайдаланатынын хабарлады.

Пхёнчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында Солтүстік Корея жанкүйерлері өз елінің спортшыларына қолдау көрсетті. Арнайы таңдалған сұлу қыздар басқа да көрермендердің назарына ілініп, желіде олардың ортаға шығып өнер көрсеткен видеосы пайда болды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дегенмен, Солтүстік Кореяның дефекторлары жұрттың назарын аударған жанкүйерлер өз елдерінде жезөкше болып жұмыс істейді деген мәлімдеме жасады. Олимпиадада спортшыларға жанкүйер болып қолдау көрсеткен қыздар отанында жоғары биліктегілердің көңіл көтеретін қуыршақтары екен.  Сондай-ақ ол қыздарға басқа еркектермен қарым-қатынас құрып, араласуларына тыйым салынған.

42 жастағы Ли Сойонның айтуынша, қыздар Ким Чен Ын мен оның серіктестері қатысқан мерекелік шараларға қатысуға мәжбүр. Олар онда ән салып, би билеп, кейін жоғары биліктегілерге жыныстық қызметтер көрсетеді екен.

Өкінішке орай, батыс журналистері Солтүстік Кореяның жанкүйерлерінен баспасөзде таратылатын қауесеттерге байланысты не ойлайтынын біле алмады. Қыздарды қауіпсіздік қызметкерлері қорғап жүргендіктен, олардан сұхбат алу мүмкін емес-ті. Ал КХДР-дан да бұл шуға қарсы ешқандай ресми мәлімдемелер жоқ.

 

Талқылау