Solidcore Resources кәсіпорындары бес жыл ішінде таза табиғи суды өндірісте тұтынуды 80%-ға азайтты
Су ресурстарын үнемдеу мақсатында Solidcore Resources тобының кәсіпорындары тазартылмаған ағын суларды жинау және оны өндірістік процестерде қайта пайдалану технологияларын белсенді қолданады. Компания 2019 жылдан бастап технологиялық үрдістерде табиғи таза суды пайдалануды 80% - ға қысқартты.
Solidcore Resources бас операциялық директоры Қанат Досмұқаметов.
"Қазақстанда суды үнемді пайдалану үкімет, бизнес және азаматтар үшін басымдықтардың біріне айналуда. Solidcore компаниясында біз су ресурстарының ысырыпшылығын азайту үшін заманауи технологияларды енгізу арқылы осы мәселеге ерекше назар аударамыз. Біз таза табиғи суды тұтынуды азайтуға, мүмкіндігінше қайта пайдалану үлесін арттыруға, сондай - ақ ағын суды технологиялық қажеттіліктерде белсенді пайдалануға ұмтыламыз", - деп атап өтті.
Суды қайта пайдалану жүйесі бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды. Сонымен, карьердегі су механикалық жолмен алдын-ала тұндырылады. Кейін кен орындары, өртке қарсы қажеттіліктер сияқты технологиялық процестерде қолдануға жіберіледі. Мұндай судың бір бөлігі карьердегі шаңды басу үшін де қолданылады. Бұл тұтынылатын таза табиғи судың көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Атмосфералық жауын-шашынның көлеміне байланысты кәсіпорындарда пайдаланылатын су айналымға жіберіледі. Бұл табиғи суды тұтынуды айтарлықтай азайтпақ және жергілікті су объектілерінің экожүйелеріне оң әсер етеді.
"Комаров" тау-кен кәсіпорнында 2019 жылдан 2024 жылға дейін таза суды тұтынудың жалпы жылдық көлемі 53% - ға 225 мың м3-тен 107 мың м3-ке дейін қысқарды. Бұл ретте тұтынылған ағын судың жалпы үлесі 89%-дан асады. Мұндай су шаңды басу үшін қолданылады. Нәтижесінде кәсіпорынның технологиялық қажеттіліктеріне жылына 95 мың м3 көлемінде таза табиғи суды тұтынудан толығымен бас тартуға мүмкіндік береді.
2019 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңде "Варваринское" АҚ- таза суды тұтынудың жылдық көлемі 1,5 млн.м3-тен 1 млн. м3-ке дейін 32% - ға қысқарды. 2024 жылы технологиялық қажеттіліктер үшін таза су тұтыну 90%-дан астам (106 м3 дейін ) көлемге қысқарған. Бұған негізінен алтын өндіру және байыту фабрикасының технологиялық процесінде ағын суды пайдалану үлесін 2019 жылы 1,9 млн.м3-тен 2024 жылы 2,2 млн. м3-ке дейін ұлғайту есебінен, сонымен қатар айналымдағы сумен қамтуды 2019 жылы 2,7 млн м3 , ал 2014 жылы 3,8 млн м3 көлемге ұлғайту арқасында қол жеткізілді. Тұтастай алғанда, кәсіпорын бойынша бес жыл ішінде суды тұтынудың жалпы көлеміне қатысты ағын және сарқынды суды тұтыну үлесі 76% - дан 98% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл табиғи таза суды пайдалануды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
"Бақыршық" тау-кен өндіру кәсіпорнында, 2019 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңдегі технологиялық қажеттіліктер үшін таза суды тұтыну көлемін негізінен байыту фабрикасының технологиялық процесінде ағын суды пайдалану үлесін ұлғайту арқылы 401 мың м3-тен 213 мың м3-ке дейін 47% - ға қысқартуға мүмкіндік туды. Ағын суды тұтыну 2019 жылдан 2024 жылға дейін 65 мың м3-тен 904 мың м3-ке дейін, яғни 14 еселеніп ұлғайды. Сонымен қатар, осыған ұқсас кезеңде сарқынды сумен жабдықтау көлемі 3,5 млн.м3-тен 5,1 млн. м3-ке дейін немесе 43% - ға ұлғайтылды. Жалпы кәсіпорын бойынша 2019 жылдан 2024 жылға дейін тазартылмаған ағын суды тұтыну үлесі су тұтынудың жалпы көлеміне қатысты 61% - дан 95% - ға дейін ұлғайтылды.
Жалпы алғанда, Solidcore Resources барлық кәсіпорындары бойынша 2019 жылдан 2024 жылға дейін суды тұтынудың толық көлеміне қатысты тазартылмаған ағын суды тұтыну үлесі 81% - дан 96% - ға дейін өскен.
Solidcore Resources – акциялары АХҚО (AIX) Биржасында бағаланатын, АХҚО-да тіркелген Қазақстандағы ең ірі алтын өндірушісі болып табылады. Қазақстанда Solidcore портфелінде екі іске қосылған кәсіпорындары мен ірі даму жобасын (Ertis POX) басқарады.