"Сол жақ омырауымды тексерттім": Қазақстандық "Барби" атанған блогер Динара Рахымбаева қатерлі ісікке шалдықты
Фото: https://www.instagram.com/dinara_rkh/
"Барби" атанған қазақстандық блогер, модель Динара Рахымбаева денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы жеке парақшасында денсаулыққа қатысты видео жариялады.
“Ең маңыздысы жоспарлы түрде медициналық тексеруді ұмытып кетпеңіз. Мен тексерілгенде сол жақ омырауымнан 4 сантиметр ісік табылды. Енді маған жүйелі ем тағайындалды. Ал, сіздер жиі тексеріліп жүріңіздер”, – деп үндеу жасады блогер.
Блогердің оқырмандары оның тез жазылып шығуына жүрекжарды тілектерін білдіріп жатыр.
“Тез жазылып шығыңыз”, “Менің әпкем осы дерттен көз жұмған. Сіз жеңіп шығыңыз”, “Уайымдама, бұл сынақтан да өтесің”, “Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген осы”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Қазақстандық ғалым әзірлеген қатерлі ісікке қарсы дәрі 160 миллион долларға бағаланған еді.
Қатерлі ісікке қарсы Sovetonko дәрісі Берн конвенциясы қорғайтын алты бірдей халықаралық патентке ие болған.
"Негізі бұл дәріні 1975-1980 жылдары Совет Дінов есімді нағаш атам тауып, зерттеген. Атам 1938 жылы дүниеге келген. 2024 жылы дүние салды. Атамның құрметіне дәріні Sovetonko деп атадым. Мен бұл дәріні зерттеумен 5 жылдан бері айналысып келемін. Қазіргі уақытта қатерлі ісікке қарсы бұл дәріні халыққаралық деңгейге шығаруға талпыныс жасап жатырмын", – дейді Қуанышбек Сәрсенбай.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
