Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сол түні ұйықтамадым": Әнші Луина із-түссіз жоғалып кеткен анасын есіне алды

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Луина балалық шағынан сыр шертіп, жоғалып кеткен анасына қатысты мәліметті бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/luinaofficial/

Өнер иесі "Din Dina show" телебағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

“Әкем мен анам мен үш жасқа толғанда ажырасып кеткен. Бес жасқа толғанда анам із-түссіз жоғалып кетті. Содан кейін оралған жоқ. Ол кісіге не болғанын білмеймін. Анам қатты есімде қалмады. Анамның шашымды өріп бергені ғана есімде. Одан кейін жоғалып кеткен түн ғана есімде. Сол түні ұйықтамаған едім. Қазір мен ол кісіні іздемеймін. Кейде әпкем немесе ағам қоңырау шалған кезде, қазір қоңырауды көтерсем, анам табылғанын айта ма деп қорқамын. Мен бұл сезімді түсіндіре алмаймын. Жай ғана қорқамын. Менен 4 жас үлкен ағамды уайымдаймын. Ол анамды осы күнге дейін іздеп жатыр, оның жаны тынышталар емес. Анам жоғалып кеткен кезде ол 9 жаста болды. Анам бізді тастап кеткен сәтте үйде ағам екеуміз болдық. Ол кезде ағамның ақыл-есі кіріп қалғандықтан, бұл жағдайды қабылдау оған қиын болды. Ол уайымдап, "анамды қорғай алмадым" деп жылайтын. Кей кезде ол өзін кінәлайды”, – деді әнші. 



Сондай-ақ эстрада жұлдызы әкесінің де кім екенін білмейтін болып шықты. 

“Олардың ажырасуына не болғанын білмеймін. Бірақ менің түрім әкеме тартқан. Сол кісіге қатты ұқсаймын. Бірақ әкемнің мені танитынына, кім және қайда екенімді білетініне сенімдімін. Өйткені оның бірінші отбасынан балалары бар. Олар мені 10 жыл бұрын іздеген болатын. Менде анамның суреттері бар, оны әлеуметтік желіге жүктегенмін. Анамның жоғалып кеткені туралы жиі ойлап тұрамын. Анам жоғалып кеткелі бері бір рет болсын түсіме кірген жоқ. Соған қарағанда тірі шығар деп ойлаймын. Онымен кездесе аламын ба білмеймін. Бірақ ағам үшін қатты уайымдаймын”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Луинаның 11 жасында мешітке барып, намаз оқығанын жазған едік. 

Талқылау