Соқырішекпен ауруханаға түсіп сәбиінен айырылған: Қызылордада келіншектің шағымынан соң дәрігерлер жазаланды

Қызылордада соқыр ішекпен ауруханаға түсіп, құрсағындағы 5 айлық сәбиінен айырылған келіншектің шағымынан кейін дәрігерлер жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі дәрігерге ем құжаттарды рәсімдеуде қате жібергені үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ медицина мамандарына сөгіс берілген.
Алайда аурухана басшыларының айтуынша, олар жас анаға тиісті көмек көрсеткен. Яғни хаттамаға сәйкес ота жасалғанын жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада отадан соң сәбиінен айырылған жүкті келіншек дәрігерлердің жазалануын талап еткен еді. Гүлімнің айтуынша, сол отадан сәби көтере алмайтын хәлге түскен.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі